2026 жылдың 24 қыркүйек күні Жуалы ауданы білім бөлімінің N546 шығыс хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің тапсырмасы бойынша, терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында 10-11 сынып оқушыларына дайындалған үгіт - насихатқа қарсы бейнематериалдар көрсетілді.
Түсіндірме барысында оқушыларға достық, өзара құрмет, толеранттылық және заңға бағыну - қауіпсіз қоғамның негізгі құндылықтары екендігі айтылды. Сонымен қатар оқушыларға интернеттегі ақпараттың барлығына бірдей сенбеу, күмәнді діни немесе экстремистік мазмұндағы материалдарды таратпау және мұндай жағдайға тап болған кезде ата-анасына, сынып жетекшісіне немесе мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттігі ескертілді.