2026 жылдың 16 қараша күні №9 Абай атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» аясында «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 8–11 сыныптардың ұл балалары мен олардың әкелері қатысты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Телеушов оқушыларды мектеп тәртібін сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және буллингке жол бермеуге шақырды.
Қошқарата ауылдық округі әкімі Назарбеков Руслан Жүрсінбекұлы білімге ұмтылу мен өз ісіне жауапкершілікпен қараудың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірді.
Жарыссөзде әкелер оқушыларға білімге жауапкершілікпен қарау, ұстаздарды сыйлау, қатарластарымен тіл табысу және кішіге қамқор болу туралы кеңес берді. Кездесу соңында мектеп, ата-аналар және учаскелік полиция арасындағы бірлескен профилактикалық жұмысты жалғастыру ұсынылды.