№ 9 Абай атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жобасы аясында 9–11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылыққа қарсы күрес» тақырыбында «Кітап бетбелгілері емес» («Не книжные закладки»), «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, тәртіп бұзудың алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасты. Көрсетілімнен кейін мазмұнды талқылау жүргізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік сезімін арттыру және құқықтық сауаттылықты нығайту.