№9 Абай атындағы орта мектебінде 5-10 сынып оқушылары арасында «Табиғаттың алтын бояуы» тақырыбында дәстүрлі күзгі бал мерекесі өтті.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру және табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Мерекелік кеш барысында оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, әсем әндерімен, мың бұралған билерімен, ерекше сән үлгілерімен және қызықты қойылымдарымен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Күздің ғажайып көрінісін бейнелеген әсем безендірулер мен оқушылардың ерекше дайындығы мерекенің сәнін келтірді. Қатысушылар өздерінің тапқырлығын, шығармашылығын және ұйымшылдығын көрсете білді.
«Табиғаттың алтын бояуы» атты күзгі бал оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырып, қуаныш пен шаттыққа толы ерекше мерекеге айналды.
Алтын күз - береке мен молшылықтың, сұлулық пен шабыттың мезгілі!