2026 жылдың 28 сәуір күні сағат 14:00-16:00 аралығында білім алушылардың суды үнемді тұтыну дағдыларын қалыптастыру және экологиялық жауапкершілік мәдениетін арттыру мақсатында 1-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ашық сабақ ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілді. Оқушылар ашық сабаққа YouTube платформасы арқылы қатысып, су ресурстарын қорғау мен үнемдеудің маңыздылығы туралы мағлұмат алды.
Табиғатты қорғау - әрбір азаматтың міндеті. Суды үнемдеу арқылы біз болашаққа қамқорлық жасаймыз!