17 наурыз “Шаңырақ күні” аясында Наурыз мейрамы мерекесінің мән-маңызын кеңінен насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоғамда сыйластық, бірлік, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыра отырып, отбасының әр адам өміріндегі орны ерекше екенін ұғындыру, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, шаңырақтың беріктігі мен татулығын үлгі ету мақсатында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шара барысында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттайтын “Бесікке салу, “Тұсау кесер” дәстүрлері көрініс тауып, жас ұрпақты өз елінің, жерінің патриоты болуға, ұлтын, елін құрметтеуге тәрбиелеуге шақырды.