22 сәуір күні мектебіміздің түлегі, ақын Үркінбаев Әуесхан Асылханұлы меын кездесу өтті. Кездесу барысында ақын оқушылармен өз шығармашылығы, ақындық жолы және өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар ақын ағамыздың жыр шумақтарын оқып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.Сондай-ақ, ақын өзінің өлеңдерін оқып, жастарды білімге, өнерге және туған елді сүюге шақырды.
Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен әсер қалдырып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырды.
Үркінбаев Әуесхан Асылханұлы -Әулие ата шайырлары шығармашылық бірлестігінің мүшесі.
Түркі әлемі жазушылар одағының мүшесі.
Халықаралық Алақа ақындар қауымының мүшесі.
Айтыс және поэзия ақыны,
Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі.
“Анаға тағзым”, “Әкеге сағыныш”,”Киелі Қошқарата табиғаты”, «Желтоқсан желі », «Рухқа тағзым» т.б өлеңдерінің авторы.