Жүгіру жолы
Кіру
AA+
№9 Абай атындағы орта мектебі КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
№9 Абай атындағы орта мектебі КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылдың 8 сәуір күні № 9 Абай атындағы орта мектебінде Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында полиция инспектроларымен  кездесу ұйымдастырылды. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар Білім алушыларға ең алдымен жолда жүру ережелері туралы, мектепке ұялы телефонға тыйым салынғаны туралы, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктері мен темекі тауарларын сатуға тыйым салу туралы айтты.