Жүгіру жолы
Кіру
AA+
№9 Абай атындағы орта мектебі КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
№9 Абай атындағы орта мектебі КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес мектебімізде 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні аталып өтті. Шара бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, театрландырылған қойылым көрсетті. Қойылымда халқымыздың тәрбиелік мәні зор дәстүрлері кеңінен таныстырылды.
Сонымен қатар, ұлттық тағамдардың бірі – Наурыз көже дайындалып, оқушыларға таратылды. Бұл мерекелік шара балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиеледі.
Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.