Мектебімізде оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, жауапкершілігін арттыру және ұстаз еңбегін тереңірек түсіну мақсатында «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Бұл күні оқушылар мұғалім рөлін атқарып, сабақ өткізіп, білім алушылармен жұмыс жүргізіп, өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін сынап көрді.
«Егер мен мұғалім болсам: оқушыға қандай сабақ керек?» тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салып, заманауи сабақ, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас және білім сапасы туралы пікір алмасты.
Дублер күні – оқушыға ұстаз еңбегін сезінуге, жауапкершілікті түсінуге және өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік берген ерекше күн болды.