Жас мамандар апталығының онкүндігінің ашылуына орай «АРТ-терапия» іс-шарасы өткізілді. Бұл шара педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эмоционалдық күйін жақсартуға және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
Қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмалар орындап, сурет салу, бояу арқылы өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізе алды.
Іс-шара барысында әріптестер арасында еркін қарым-қатынас орнап, бір-бірін жақынырақ тануға мүмкіндік туды.
«АРТ-терапия» жас мамандар үшін шабыт беретін, көңіл-күйді көтеретін және кәсіби дамуға оң әсер ететін пайдалы тәжірибе болды.