Мектебімізде көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамына орай “Армысың, Әз-Наурыз!” атты салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, ән айтып, би билеп, түрлі көріністер қойды. Қазақ халқының бай мәдениеті мен әдет-ғұрпы кеңінен насихатталды.
Мерекелік кеш ерекше көңілді атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық тағамдар ұсынылып, қонақтар бір-біріне ақжарма тілектерін арнады.