Кездесу барысында жасөспірімдердің өз бетінше шешім қабылдауы, әрбір әрекеттің салдарын түсінуі, жеке қауіпсіздігін сақтауы және дұрыс таңдау жасай білуі туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Баланың жауапкершілігін дамытуда сенім білдіру, қолдау көрсету және ашық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы атап өтілді.
Балаға дұрыс таңдау жасауды үйрету – оның қауіпсіз әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына жасалған маңызды қадам!