Мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана өмірдің шуағы» атты 9 “а“ сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік шара аталып өтті.
Көктемнің шуақты мерекесіне арналған шара барысында оқушылар аналар мен ұстаздарға деген ыстық ықыластарын ән, күй, би және әсерлі көріністер арқылы жеткізді. “Мереке” ансамблінің күмбірлеген күйі, жүрекке жеткен әндер мен әсем билер кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кештің басты мақсаты – аналардың, аяулы ұстаздардың және қыз-келіншектердің қоғамдағы ерекше орнын дәріптеп, оларға құрмет көрсету болды.